Сирияда жүзеге асқан жалғыз механизм – Астана процесі – Иран

0
100
KAZAKNEWS.KZ

Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф Астана процесін Сириядағы дағдарысты реттеуде жалғыз әрекет етуші формат деп атады.

“Біз Ресей Федерациясы және Сириямен тығыз жұмыс істеп, өзіміздің төл саясатымызды жүргізіп жатырмыз… лаңкестік ұйым төндіріп жатқан қауіптен аймақты қорғаудамыз. Ресей де соған қол жеткізіп жатыр деп ойлаймын”, – деп мәлімдеді Зариф Римде өтіп жатқан “Жерорта теңізі диалогы” форумында.

Зариф Иран Ресей және Түркиямен бірігіп, Сирияның топырақ бүтіндігін сақтап, лаңкестерге қарсы күресу қажет деп мәлімдеді.

“Сирияда жүзеге асқан жалғыз механизм – Астана процесі, ал апаттың алдын алатын мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркия”, – деп атап өтті Иран СІМ басшысы. Зарифтің сөзінше, саяси үрдіс қарсы тараптарды біріктіру қажет.


Сирия бойынша кезекті Астана процесінің 11 раунды 28-29 қараша елордада өтеді деп жоспарланған. СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов АҚШ аталған келіссөздер алаңына келмейтінін, себебі қызығушылық танытатын тақырыптары жоқтығын алға тартқанын атап өтті. Министр кезекті келіссөздерге кепілгер елдермен қатар Сирия үкіметі және оппозиция өкілдері қатысатынын алға тартады. Бақылаушы ретінде Иордания мен БҰҰ өкілі шақырылған. Бұған дейін Сириядағы дағдарысты ретке келтіру үшін Астанада Сирия келіссөздерінің он раунды өтті.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз