Сирияда Үкімет әскерінің базасына шабуыл жасалды

0
73

Сирияның кейбір аймақтарындағы әскери базалар ракеталық шабуылға ұшырады. Шабуыл салдарынан ондаған адам жарақат алды. Қаза тапқандар да бар.

29 сәуір, Сирияның кейбір аймақтарында, Үкімет әскерінің бірқатар әскери базалары мен ирандық әскери базаларға ракеталық шабуыл жасалды.

Лондондағы адам құқықтары бойынша Сирия обсерваториясының баяндамасына сәйкес ракеталар Хама қаласынан батысқа қарай орналасқан 47-ші бригаданың штаб-пәтерінде, сондай-ақ Алеппо әуежайының маңындағы әскери базаларға ұшырылған. Сондай-ақ, Хамадан 60 шақырым қашықтықтағы Нахар аль-Бард әскери базасынан да ракетаның дауыстары естілген. Нахар аль-Бардта Иранның әскери базалары да орналасқан.

Сирияның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпарат көздеріне сүйенсек, ракеталық шабуылдың артында Израильдің қарулы күштері тұр. Дегенмен, Израиль билігі ракеталық шабуылға байланысты ешқандай пікір білдірмеді.

Бұған дейін Израилдің қорғаныс министрі Авигдор Либерман Сириядағы әскери әрекетті одан әрі жалғастыратынын мәлімдеген.

Авигдор Либерманның айтуынша, Израиль қарулы күштерінің Сирияға қарсы ракеталық шабуылының бірден-бір себебі Иран. Ол өзінің мәлімдемесінде «Біз Ресейдің бөліктеріне шабуыл жасап, немесе Сирияның ішкі мәселесіне араласатын ниетте емеспіз», деген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз