Солтүстік Корея зымыран сынағының табысты өткенін хабарлады

0
64

КХДР құрлықаралық «Хвасон-15» баллистикалық зымыран сынағының табысты өткенін жариялады, деп хабарлайды ТАСС ақпараттық агенттігі.

Солтүстік Кореялық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше КХДР толыққанды ядролық зымыран күштерін құруды аяқтады. Мәлемдемеде «КХДР мемлекеттік ядролық күштерді құруды аяқтап, үлкен тарихи тапсырманы жүзеге асырды», делінген.

Аталған зымыран сынағы КХДР басшысы Ким Чен Ынның бұйрығымен Вашингтон жүргізген саясатқа жауап ретінде жүзеге асырылды.

Сынақ жүргізілген «Хвасон-15» зымыраны 950 шақырым қашықтыққа ұшып, 4 мың 475 шақырым биіктікті бағындырған.

«Хвасон-15» зымыранының құлау аумағы  АҚШ-тың барлық территориясын қамтыған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз