Солтүстік Кореялық БАҚ Д.Трампты тағы да сынға алды

0
119
дереккөзден

Солтүстік Кореялық бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трампты қатал сынға алып, алдағы уақытта өмір сүруге лайықты орын таба алмай қалатынына уәде ете отырып, оны «итке» теңеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ, мақалада «Бұл қарт және аурушаң АҚШ тозаққа қарай қадам басып келе жатқандығы ащы шындық. Ақыл есі кеміс адам саусағын күнге шошайтуға тырысты. Десе де бұл әрекеті оны КХДР әскері мен халқының алдында өлім жазасына кесілетін қылмыскерге айналдырды», делінген.

Аталған теңеулер Солтүстік Кореяның “Нодон синмун” газетінде жарияланғын.

Сонымен қоса басылымның авторы «КХДР-дің жоғарғы басшыларының және оның әлеуметтік жүйесіндегі жоғары лауазымды адамдардың қадір-қасиетіне күмәнданатын адамдар ешқашан өмір сүруге лайықты жерді таба алмайды», деп қалдырды.

Солтүстік Кореялық баспасөз беттерінде бұл сынды жариялымдар жиі кездеседі. Сонымен қатар АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысы арасында қару қолдану қаупін қоса алғанда біршама қиындықтар болды.

Осыған дейін АҚШ президенті Д.Трамп Ким Чен Ынмен достық қарым-қатына орнатуға ниетті екенін білдіріп, Twitter әлеуметтік желісінде «Мен Ким Чен Ынды «толық немесе кішкене бойлы» деп айта алмаймын, дегенмен де неліктен ол мені «кәрі» деп қорлауды ұйғарды. Мен Ким Чен Ынмен дос болуға тырысамын және алдағы уақытта арақатынасымыз түзеледі деген ниеттемін», деп мәлімдеген болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз