Түркіменстанда киіз үй іспеттес концерт залы ашылды

0
111

7 қазан сенбі күні Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қатысуымен Түркіменстан астанасы Ашхабадқа жақын жерде «Nowruz ýaýlasynyň ak öýi» атты үлкен киіз үй түрінде салынған жаңа концерт залын ашу рәсімі өтті. Бұл туралы Түркіменстан президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, киіз үй формасындағы мұндай жаңа ғимарат Түркіменстандағы екінші құрылым болып есептеледі. 2015 жылы Мары қаласында салынған киіз үй кейпіндегі алғашқы ғимарат – Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен киіз үй ретінде енген түркімен халқының үлкен жетістіктерінің бірі. Сонымен қатар сол киіз үйде Президенттің «Алға! Тек қана алға, туған ел – Түркіменстан!» әнін бір мезетте 4 мыңнан астам адам шырқап тағы бір рекорд орнатылған еді.

9 қазан жаңа ғимаратта Түркіменстан ақсақалдар кеңесі өтетін болады.

Жадыра Аманбайқызы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз