Түркістан мен Ақмола облыстарында вирустан екі адам көз жұмды

0
51
Photo: apostrophe.ua

 4 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Түркістан облысында бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлаған еді. Сағат 15.40-тағы дерекке сай, Ақмола облысында тағы бар адам Covid-19 дертінен қайтыс болды.

Қазір елде 525 адамнан коронавирус анықталды. 36 адам дерттен айықты. Бес адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың екеуі – Ақмола облысында, біреуі – Нұр-Сұлтанда, біреуі – Қарағанды облысында, біреуі Түркістан облысында.

Вирус жұқтырған 525 адам мына аймақтарда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 216

Алматы қаласы – 110

Қызылорда облысы – 28

Қарағанды облысы – 27

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 23

Атырау облысы – 22

Ақмола облысы – 20

Шымкент қаласы – 13

Ақтөбе облысы – 10

Алматы облысы – 10

Жамбыл облысы – 10

Шығыс Қазақстан облысы – 4

Маңғыстау облысы – 3

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қостанай облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елдің барлық аймағында шектеу қойылған. Ірі қалаларда карантин. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, елде үш жарым мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз