Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары көз жұмды

0
128
Қосман Айтмұхаметов. Photo: sn.kz

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов 57 жасында мезгілсіз қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.

Қалқаманов әріптесінің неден қайтыс болғанын нақтыламады. Ал қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Айтмұхметовтың өліміне коронавирус себеп деді.

“Өкінішке қарай, коронавирус құрбандары күн сайын артып келеді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ақмола облысының бұрынғы әкімі және Астана қаласы (қала атауы 2019 Нұр-Сұлтан болып өзгертілді) әкімінің бұрынғы орынбасары Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов өмірден өтті. Мен онымен астана әкімдігінде бірге жұмыс істеп едім” деді Исекешов Facebook-парақшасында.

Қосман Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Ақмола облысы Бестөбе ауылында дүниеге келген. Ақмола инженерлік құрылыс институтын “инженер-механик” мамандығы бойынша (1986 жыл), Қазақ гуманитарлық заң университетін “заңгер” мамандығы бойынша (2006 жыл) тәмамдаған.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. Оған дейін бес жылға жуық Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

Осыған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары 60 жастағы Серікжан Бескемпіров пневмониядан қайтыс болғаны хабарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз