ТМД елдерінің басшылары кезекті отырысын өткізбек

0
26

2017 жылдың 11-қазанында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің басшылары Сочи қаласында кезекті отырысын өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде мәдени-гуманитарлық, саяси және экономикалық салалардағы және  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар мәселелер қарастырылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ ТМД елдері аясындағы ынтымақтастық мәселесінде пікір алмасу мен төрағалық ету және ТМД мемлекеттері басшыларының алдағы отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы мәселелерді талқылау қолға алынуда.

Отырыс барысында экономика, қорғаныс саясаты, терроризмге қарсы әрекет ету шаралары және шекаралық қорғаныс салалары сияқты маңызды мәселелер талқыланатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз