Тоқаев блокпостта қаза тапқан полиция қызметкерлерін марапаттады

0
198
Блокпостта қаза тапқан полиция қызметкерлері.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы блокпостта қаза тапқан екі полиция қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін:

ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен

Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;

ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен

Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі награтталды.

Еске салайық, 25 мамырда Алматыда мас жүргізуші блокпосты соғып, екі полиция қызметкері көз жұмған болатын.

Сондай-ақ, жүргізушінің бұрын 6 жыл полицияда жұмыс істегені белгілі болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз