Тоқаевты ұлықтау рәсімі қалай өтті (фоторепортаж)

0
159

12 маусым Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Президентін ресми қызметіне кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімі өтуде. Салтанатты іс-шара барысында Тоқаев оң қолын ҚР Конституциясына қойып, Қазақстан халқына ант берді. Өз кезегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінен кейін атқарылуы тиіс 10 міндетті таныстырды.

ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының президенті мемлекеттік туды сүюде

«Біз өсудің маңыздылығын терең түсінуіміз керек. Қазақстанда экономикалық өсім болуы тиіс. Жақын арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз дамудың маңызды бағыттарын анықтаймыз», – деді мемлекет басшысы.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

1 қыркүйекке дейін Сыбайлас жемқорлыққа қатысты түзетулер топтамасы әзірленетін болады. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз.

  1. Сот реформасы

Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау. Тоқаев бұл лауазымға судьялар мен кандидаттарды іріктеу жүйесін күшейту қажет екенін айтты. Сот әділдіктің соңғы инстанциясына айналуы тиіс.

3. Жұмысқа орналастыру

Жаңа жұмыс орындарын ашу. Табысты әділ бөлу – бұл стратегиялық маңызды мәселе.

  1. Тұрғын үй мәселелерін шешу

Әр түрлі санаттағы азаматтардың тұрғын үй алуына ерекше назар аудару қажет.

5. Әділ әлеуметтік саясат

Тоқаев: біз мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін арттыратын жаңа заңдарды қабылдаймыз, олардың құқықтарын қорғай отырып, барлық жағдайды жасаймыз.

6. Өңірлерді дамытудың жаңа бағыты

Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан. Барлық міндеттер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Халық өңірлердегі шешімдерге қатысуы тиіс.

7. Рухани жанғыру

Бостандыққа ұмтылу, халықтың бірлігі мен жасампаз күші, жастар – еліміздің болашағы. Біз бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге арнауымыз керек.

8. Сыртқы саясат

Қазақстан өзін ашық сенімді ел ретінде бекітті. Біз ұлттық мүдделерді әлемдік аренада нық ілгерілететін боламыз. Сыртқы саяси қызмет экономикалық пайда әкеледі.

9. Өңірлерді дамытудың жаңа бағыты

Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан. Барлық міндеттер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Халық өңірлердегі шешімдерге қатысуы тиіс

10. Жастар-прогрестің қозғаушы күші

Жас ұрпаққа ерекше назар аударғым келеді. Жастар Қазақстанды дамытуда шешуші рөл атқарып, прогрестің қозғаушы күші болуы тиіс. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Арнайы жоба жұмыс істей бастады. Біз жастардың “Жас кәсіпкер” бизнес бастамаларының бағдарламасын жүзеге асырудамыз, жастар стартаптарын қолдайтын боламыз. Жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламасын енгіземіз.

Менің міндетім – сіздің ең үлкен арманыңызды іске асыру және жеке табыс тарихын жасау үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Жас талантты басқарушыларды Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлеріне жылжыту үшін президенттік кадрлық резерв құрылатын болады. Біздің жастарымыз мақсатты, еңбекқор, креативті, сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз