Трамп CNN тілшілерін «халық жаулары» деп атады

0
76

АҚШ Конгресінің аралық өткізілген сайлау қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы шумен аяқталды. Ай үйде өткен баспасөз конференциясында АҚШ президенті БАҚ өкілімен кикілжіңге келіп, CNN тілшісі Джим Акостаны «өрескел және өте жаман адам» деп айыптады.

Оқиға американдық көшбасшының ресми резиденциясында өткен Конгрестің аралық сайлауының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты барысында орын алды.

Тілшінің мигранттар керуеніне байланысты қойған сауалы президенттің қытығына тиді.

Джим Акостаның мигранттар керуенінен бөлек 2016 жылы Ресейдің сайлауға араласуына байланысты қойған сұрағына Трамп өктем дауыспен “Жетер” деп ұзіп жіберіп, тілшіден микрафонды келесі сұрақ қоюшыға беруді бұйырды

CNN тілшісі Джим Акоста Президент Трамптың зығырына тигені үшін Ақ үйге кіруге бағытталған аккредитациядан айрылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында елдегі либералдық бағыт ұстанатын ірі бұқаралық ақпарат құралдарын “менің дұшпаным емес, Америка халқының жауы” деп атаған.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Ол The New York Times газетін және NBC, ABC, CBS мен CNN телеарналары туралы “жалған жаңалықтар медиасы” деп жазған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз