Уханьнан 83 қазақстандық эвакуацияланды

0
43

2 ақпан күні Қазақстан Қытайдағы вирус ошағы деп танылған Ухань қаласынан 83 қазақстандықты елге эвакуациялады, олардың 80-і – студент. Бұл туралы премьер-министр сайты хабарлады.

Сайттағы дерекке сәйкес, эвакуацияланған азаматтар денсаулығы тексерілгеннен кейін астанадан жеті шақырым жердегі көпсалалы емхананың инфекциямен күрес корпусындағы арнайы орынға 14 күндік карантинге орналастырылған.

“Медициналық мекемеде олар қосымша тексеруден өтеді, бірінші кезекте коронавирус бойынша тексеріледі” делінген хабарламада. Олар әзірге тек дәрігерлермен ғана сөйлесе алады. Туыстары мен жақындарына елге келгені жайлы хабарланған.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Уханьнан Қырғызстан, Беларусь, Армения азаматтарын да эвакуациялауға көмектескен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз