Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Астанада бас қоспақ

0
215

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының деңгейінде кездесуі 2018 жылдың екінші жартысында Астана қаласында өтеді деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бүгін Астанада өткен ҰҚШҰ қауіпсіөздік хатшыларының кездесуінде мәлімдеді.

Нұрлан Ермекбаев: Бүгінгі кездесу қазақстандық тараптың басқаруымен өтті. Себебі Қазақстан осы жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етеді. Бүгінгі кездесуді 2018 жылдың екінше жартысына жоспарланған ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының кездесуіне дайындықтың маңызды қадамы болды деуге болады. Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын одан әрі дамыту, лаңкестікке қарсы іс-әрекет, есірткі тасымалы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына ерекше көңіл бөлініп, бірқатар маңызды құжаттар мақұлданды.


Ұжымдық қауіпсіздік кеңес хатшыларының комитеті –ұлттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласындағы ОДКБ-ның консультативтік және атқару органы.

Ұйым 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсізді туралы шарттың негізінде 2002 жылы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаттары бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау болып табылады.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттері – Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз