Қырғызстанда өңір тарихындағы ең еркін және ең әділ сайлау болады – The Guardian

0
115
ашық дереккөзден алынды

«Қырғызстанда алдағы президент сайлауына байланысты біртүрлі жайттар орын алып жатыр – сайлау жақын күндері өтеді, бірақ кімнің жеңіске жететіні белгісіз», – деп жазады ағылшындардың әйгілі The Guardian басылымы.

Мақала авторы Шон Уокердің (Shaun Walker) айтуынша, аймақ (Орт.Азия – ред) Қырғызстан жалған сайлау өткізуімен ерекшеленеді. 6 млн халқы бар постсоветтік мемлекет соңғы 12 жылда екі революцияны бастан кешірді. Қазір бұл ел бейберекет, бірақ демократиясы бар.

«Бұл Орталық Азия тарихындағы ең еркін және ең әділ сайлау болады. Аймақтағы басқа жерлерде қазіргі президенттің қанша дауыс жинайтыны (99% немесе 150% дауыс) қызығушылық тудырады. Ал әзірше, Қырғызстанда кімнің жеңіске жететінін, шындап келгенде, білмейміз», – деп басылым Қырғызстандағы бір батыс дипломатының сөзін келтіреді.

The Guardian Қырғызстанның Орталық Азиядағы 5 постсоветтік елдің қатарына кіретіндігін атай келе, өзге 4 мемлекетте билік басындағылардың лауазымы олар өмірден өткеннен кейін ғана тоқтатылатынын, ал Қырғызстанда жағдайдың мүлдем басқаша екеніне назар аударды.

Басылым 2005 жылы Қызғалдақ революциясында Асқар Ақаев биліктен кеткенін, ал 2010 жылы болған жаппай тәртіпсіздіктің Құрманбек Бакиевті биліктен тайдырғанын еске салады. Сонымен қатар, 2011 жылы Алмазбек Атамбаевтың сайлауда жеңіске жеткенін, алдағы сайлаудан кейін Атамбаевтың да биліктен кететіндігін көрсеткіш ретінде атап өтті.

Атап өтерлігі, екінші революциядан кейін Қырғызстан Конституциясына өзгертулер енгізілді, заңға сәйкес президент осы лауазымға тек алты жылда бір рет сайлануға құқылы.

Қырғызстанда Президент сайлауы осы жексенбі, 15 қазан күні, өтпек.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз