Ыстамбұлда қаза тапқан азаматтың мүрдесі елге жеткізіледі

0
83

Ыстанбұл әуежайында өз-өзіне қол жұмсап қаза тапты деген Қазақстан азаматының мүрдесі жуық арада елге жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Сырқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифинг барысында мәлімдеді. 

Айта кетейік, бүгінге дейін түркиялық БАҚ оқиғаны суицид деп жариялаған болатын. Алайда оқиғаның жазатайым жағдай немесе өз-өзіне қол жұмсау екендігі әлі де тексерілуде. Азамат оқиға орын алған сәтті ащщы су ұрттаған күйде болғандықтан екінші қабаттан абайсызда құлап кеткен болуы мүмкін деген де дерек келтірілді.

27 қыркүйек кешкі сағат 19: 00-де Ыстамбұлдың “Ататүрік” әуежайында 1981 жылғы Қазақстан азаматы әкімшілік ғимаратының екінші қабатынан құлап кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрден оны құтқара алмады. ҚР СІМ ресми өкілінің мәліметінше 37 жастағы азамат 26 қыркүйек Түркияға ұшып келіп бір түн әуежайда қонады.

Түркияда қаза тапқан Қазақстан азаматы жайлы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияры «Туыстарына хабар берілді. Бүгін оның жұбайы Ыстамбұл қаласын барда. Қазіргі таңд оның денесі Ыстанбұл қаласының бір ауруханасынд жатыра. Бүгін бүкіл құжит дайындалып, жақын арад денесі Қазақстанға жеткізіледі. Қалайте құлады, нега құлады – ол туралы түрік полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі болған жағдайда сіздерге хабарын береміз », – деп мәлімдеді.  

Сонымен қоса Ол Қазақстан азаматының суицид жасағандығы немес байқаусызда құлағандығы жайлы ақпарды адами құқықтарды ескере отырып тергеуден кейін туыстары жеткізе алатынын мәлімдеді.

Айбек Смадияров: «Әрбір тұлғаның жеке ақпараты болғандықтан, оны қазір айта алмаймыз. Кейін туыстарының өздері айтпаса … Жалпы, не үшін барғаны белгісіз. 26 қыркүйек күні Ыстанбұл қаласының әуежайына ұшып келген. Ресми түрде шекарадан өткеннен кейін сол әуежай ғимаратында 27 қыркүйек түскі 15: 30-ға дейін жүрген. Сосын екінші қабаттан құлап, қайтыс болған.

 

Стамбұлдың Ататүрік әуежайы ауқымы бойынша 11 орынды алатын әлемдегі ең үлкен әуежайлардың қатарында.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз