Қытай дамуы үлкен мәнге ие тұтас өркениет – Назарбаев

0
62
Елбасының баспасөз қызметі

Қазақстанның тұңғыш президенті Қытайдың басты бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.

Қытайдың орталық телеарнасының журналисінің сұрағына жауап беру барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған сапарлары мен республика төрағасымен әріптестігін ойға алды.

“Мен төраға Цзян Цзэминмен әріптестік бастадым. Біз шекара туралы күрделі мәселелерді шештік. Өзара достық пен әріптестік туралы келісімдерге қол қойдық. Сосын төраға Ху Цзиньтаомен әріптестікті жалғастырдық, енді Си Цзиньпин төрағалық еткен жылдары мен төрағамен 20 рет кездесіп отырмын. Біз халықаралық алаңдарда, Бейжің мен Қазақстанда жиі кездесеміз”, – деді Елбасы.

Аталған жылдар аралығында жаһан Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы мен қызметіне куә болды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қытайдың әл-ауқатты дамуынан әлемнің әл-ауқатты дамуы байланысты екенін алға тартты.

“Компартияның соңғы съезі Қытайдың гүлденуіне жаһандық міндеттер қойды. Бұл бағдарламалар тек Қытайға ғана арналмаған, бұдан бар әлемнің әл-ауқаты байланысты. Елдегі тәртіп бар әлемге ықпал етеді. Бүгінде мен Қытайды тек мемлекет ретінде емес, дамуы үлкен мәнге ие тұтас өркениет ретінде көремін”, – деді Елбасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз