Қытай мұсылмандары мешіттің сүрілуіне қарсы наразылыққа шықты

0
313

Қытай Халық Республикасының Нинся провинциясында орналасқан Вэйчжоу Орталық мешітін Қытай билігі заңсыз салынған деп тауып, оны жақын арада сүріп тастауға шешім шығарған.

Құқық қорғаушылар ұйымдары биліктің бұл шешімін мұсылмандарға көрсетілген тағы бір қысым түрі деп айыптаудан басқа шаралары жоқ.

Провинция басшыларының айтуынша Вэйчжоу Орталық мешітінің сәулеті қаланың келбетіне сәйкеспейді мыс. Олар қала ортасында орналасқан мешіт қаланың келбетін бұзып тұр дегенді уәж қылып билікке шағымданған. Алайда, құлшылық ордасының сүріліп тастауына жергілікті мұсылман қауымы қарсылық танытып,  Орталық мешіт жанында наразылық шеруін өткізді. Бесін намазынан бастап кеш түскенге дейін мешіт алдынан тарқамаған наразылық шеруі ақыр соңында провинция басшыларының әзірге құлшылық ордасын бұзбау туралы уәдесіне қол жеткізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз