Қызылорда облысындағы жол апатынан үш адам қаза тапты

0
329
оқиға орны/дереккөзден

Қызылорда облысында екі автобустың соқтығысуы салдарынан орын алған жол апатынан үш адам қаза тапты. Бұған дейін екі автобуста 86 жолаушы болғаны хабарланған еді. Зардап шеккен 54 жолаушы емханаға жеткізілген, қалған 30 жолаушыға алғашқы медициналық көмек оқиға орынында көрсетілген.

“Екі адам оқиға орнында қаза тапты, бір бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін алған жарақаты салдарынан көз жұмды”, – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

16 қараша кешке Қызылорда-Қазалы, Қызылорда-Қармақшы бағытында жол тартқан екі автобус Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылынан 10 шақырым жерде соқтығысқан.

Қызылорда облысы әкімдігінің ақпарына сәйкес, оқиға орнына 34 жергілікті полиция қызметкері, 13 техника мен 34 төтенше жағдай департаменті қызметкері, 130 медициналық қызметкер, оның ішінде 16 дәрігер жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз