Қызылордада 700 бас мал қырылды

0
192

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында 21 қазан күні кешкі уақытта өрт шығып 700-ге жуық қой өртеніп кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі баспасөз қызметі хабарлады.

30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан тұтанып өрт шыққан. Жалынды сөндіруге ТЖД мен еріктілерден құралған 19 адам және 5 техника жұмылдырылған. Өрт шамамен 3 сағат ішінде толықтай сөндірілді. Тілсіз жаудан жеке қожалыққа тиесілі 700 қой қырылып, бірнеше мал күйіп қалған.

Министрлік мәліметінше оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз