Өзбекстан мен Ауғанстан бірқатар құжаттарға қол қойды

0
92
Өзбекстан Республикасы президентінің ресми сайты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғанидың келіссөздерінің қорытындысы бойынша Куксарой резиденциясында екі мемлекет басшыларының бірлескен Мәлімдемесіне қол қойылды деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі.

Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, ғылыми-білім беру және басқа салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған 20 құжатқа қол қойылды. Олардың арасында қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен комиссия құру, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, «Сурхон – Пули Хумри» электр жеткізу желісінің және «Мазари Шариф – Шибирган – Маймана – Герат» темір жолының құрылысы, сондай-ақ жүк жеткізу және кеден саласындағы өзара ынтымақтастық бойынша құжаттарға қол қойылған. Сондай-ақ, сапар барысында 500 млн. АҚШ долларынан астам сомаға 40-тан астам экспорттық келісімге қол қойылды, оған сәйкес Өзбекстан  Ауғанстанға электр энергиясын, ауылшаруашылық және фармацевтикалық өнімдерді, сондай-ақ құрылыс материалдарын, автокөліктерді және басқаларын жеткізеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуде қол қойылған құжаттар Өзбекстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.

Ауғанстан президентінің Өзбекстанға ресми сапары жалғасуда.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз