Жұмағалиев Абаевқа тапсырма міндеттеді

0
68

Премьер-министрдің орынбасары, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа барлық мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстырып, “анықтамаларды алып тастау” туралы тапсырма міндеттеді. Бұл туралы Жұмағалиев 20 қаңтар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен ақпарат және коммуникация министрлігінің қорытынды есеп беруі барысында мәлім етті. 

“Мемлекеттік қызмет көрсету турасына келетін болсақ, смартфондар арқылы халыққа жақын болу керек”, – деген Жұмағалиев тұрғындардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тек бір-екі рет қана келетіндей, компьютер арқылы қызмет алуды үйрету қажеттігін алға тартты.

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттің қызметті цифрландыру басым міндет екенін атады.

“Сіздер (ақпарат және коммуникация министрлігі-ред) мұны қамтамасыз ету керексіздер. Мына анықтамалардан ақыр-соңында қол үзу қажет”, – деген Жұмағалиев Facebook парақшасында анықтамаларға қатысты сұрақ қойғанын, халықтың басым көбі олардың қажет еместігін айтқанын алға тартты.

Атап өтерлігі қаңтарда Жұмағалиев анықтамалардан бас тарту қажеттігі туралыс ұсыныс айтты.

“Жақында кадр бөлімінің қызметкерлерінен сұрадым не үшін олар анықтамалады қағаз түрінде жинайды. Жауаптары – керек болған кезде біз адамды мекенжайнан таба аламыз, болмаса жеке парақтағы мәлімет ескірсе, қағаз түрінде құжат болады. Осы жағдайда мекенжай анықтамасы қалай көмектесетінін мен түсінбедім. Өйткені бұл құжатта ескіріп кетеді ғой. Сондай ақ, адам уақытын текке шығарып, керек емес құжаттарды алу керек екен. Дегенмен, қазір ол жедел онлайн режимінде және телеграм арқылы қолжетімді болса да, оған да уақыт керек.
Өткен жылдан бастап мемлекеттік органдар бірнеше мәліметтерді азаматтардан сұрамай, дерекқордан алу керек (егер мұндай фактілер сақталса, маған жазыңыздар). Олардың ішінде мекенжай анықтамасы бар. Банктерге және басқа үшінші тұлғаларға арналған egov порталында сервис бар, бұл клиенттің келісімімен азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Осындай сервистер бюрократияны жою үшін енгізілген”, – деп жазды Жұмағалиев Facebook парақшасында.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз