Жұмағалиев мекенжай анықтамасын алып тастауды ұсынды

0
72
дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары, қорғаныс және аэроғарыш министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын алып тастау туралы ұсыныс тастады. Бұл ұсынысымен министр өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

“Жақында кадр бөлімінің қызметкерлерінен сұрадым не үшін олар анықтамалады қағаз түрінде жинайды. Жауаптары – керек болған кезде біз адамды мекенжайнан таба аламыз, болмаса жеке парақтағы мәлімет ескірсе, қағаз түрінде құжат болады. Осы жағдайда мекенжай анықтамасы қалай көмектесетінін мен түсінбедім. Өйткені бұл құжатта ескіріп кетеді ғой. Сондай ақ, адам уақытын текке шығарып, керек емес құжаттарды алу керек екен. Дегенмен, қазір ол жедел онлайн режимінде және телеграм арқылы қолжетімді болса да, оған да уақыт керек.
Өткен жылдан бастап мемлекеттік органдар бірнеше мәліметтерді азаматтардан сұрамай, дерекқордан алу керек (егер мұндай фактілер сақталса, маған жазыңыздар). Олардың ішінде мекенжай анықтамасы бар. Банктерге және басқа үшінші тұлғаларға арналған egov порталында сервис бар, бұл клиенттің келісімімен азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Осындай сервистер бюрократияны жою үшін енгізілген”, – деп жазады Жұмағалиев.

“Бүгін мен министрліктер мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әріптестеріме мекенжай анықтамасының қажеттілігін және оны реестірден алып тастау мүмкіндігін талдауды тапсырдым”, – деп түйіндейді А. Жұмағалиев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз