Жамбыл облысында жол-көлік апаты салдарынан 11 адам қаза тапты

0
80
дереккөзден

20 сәуірде таңғы сағат 5-те Жамбыл облысының Қордай ауданында
Алматы-Ташкент автожолының 181-ші шақырымында “Тойота камри” маркалы автокөлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған.Тас жол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге
соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен.

Апат салдарынан 8 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, 32 адам жақын маңдағы емханаға жеткізілсе де, алған жарақаттарынан үш адам көз жұмды.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облас прокуроры Ж.Құсайынов, төтенше жағдайлар және қорғаныс істері бойына басқарма мен облыстық полиция департаменті басшылары аттанды.

Апаттан құтқару жұмыстарына 50 адам және жедел-құтқару, апатты апатты
медицина қызметінің және облыстық полиция департаментінің 15 техникасы,
сондай-ақ ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» қызметінің тікұшағы қатысты.

Сондай-ақ оқиға орнында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ҚР Қорғаныс министрлігінен әскери қызметкерлер жұмылдырылып, арнайы техникалар бөлінді. Әскери госпитальге зардап шеккен сегіз адам жеткізілді.

Облыс әкімдері жедел штаб құрды, областың төтенше жағдайлар қызметі бойынша депртааментінде психологтар кезекшілік ететін желі іске қосылды: +7(7262) 513575 және +7(7262)514167.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ мен облыстың полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Автокөліктер жүргізушілерінің кінәсі тергеу барысында сот-сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, анықталатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз