Жаркентте студенттерді ұрған мұғалім кешірім сұрады

0
186
Сурет видеодан алынған.

Алматы облысында колледж студенттерін ұрып-соққан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кешірім сұрады. Бұл туралы Еуразия Бірінші арнасы хабарлады.

“Студенттерден және олардың ата-анасынан кешірім сұраймын. Менің ағаттығым біздің колледж мұғалімдеріне көлеңкесін тигізбеуін қалаймын”, – деді Елесіз Бейсенов.  Ол неліктен соққыға жыққанын түсіндірді. “Мен осы топтың кураторы едім және олардың мені тыңдамай сабаққа қатысудың орнына базарға бару үшін қашып кеткені көңіліме қаяу түсірді. Иә, мен оларды ұрдым, бірақ күш жұмсамадым. Тек желкесінен қойып қалдым. Мұны сол күні жүргізілген медициналық сараптамада көрсетті. Өз ісіме өкінемін, тағы да кешірім сұраймын”, – деді Бейсембаев. 

Еске сала кетейік, Жаркентте колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соққандығы жайында видео тараған болатын.”19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды”, – делінген видеоролик сипаттамасында.  Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны ұрып-соққан колледждің директоры сөгіс алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз