Жетісайда өгей балаларын соққыға жыққан әйел қамауға алынды

0
101
дереккөзден

Түркістан облысындағы Жетісай қаласында өгей балаларын соққыға жыққан әйел қамауға алынды. 12 сәуірде қаладағы орта мектепте оқидың қыздардан соққының жарақатын мектеп директоры байқаған. Түркістан облысы әкімдігі 2003,2005 және 2007 жылдары дүниеге келген үш қыз баланың зорлық құрбаны болғанын хабарлады.

Комиссияның шешіміне сәйкес балалар қазір әжесінің қолында. ҚР ішкі істер министрлігі балаларды ұрып-соғып, дене жарақатын келтіурге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын және аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 147-бабына сәйкес тіркеліп, тергеу амалдары жүргзіліп жатқанын хабарлады. Балаларға дене жарақатын келтірді деген күдікпен олардың өгей анасы қамауға алынды.

Аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тікелей бақылауында, деп хабарлайды ІІМ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз