Қырғызстанда орыс тілі ресми мәртебесінен айырыла ма?

0
162

Қырғызстанда конституциялық кеңестің шешімімен орыс тілі ресми түрде қолданыстан шықпайды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

“Адам құқықтары мен бостандығы” бөлімінің жетекшісі Нұрлан Шериповтың айтуынша, Қырғызстанда қырғыз тілі “мемлекеттік”, орыс тілі “ресми” дәрежеде қолданыста болады.

“Конституцияға ағылшын тілін бекіту туралы ұсыныстар болды, бірақ бұл бастама қолдау таппады,” – деді Шерипов.

Бейсенбі күні конституциялық кеңестің мүшесі Садирдин Торалиев мемлекет заңының жаңа редакциясында орыс тілін ресми дәрежесінен алып тастауды ұсынды. Садирдиннің айтуынша бұл қырғыз тілінің дамуына ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз