Өзбекстанда үш апта қатаң карантин жарияланды

0
71

Өзбекстанда 10 шілде мен 1 тамыз аралығында қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан хабарлады.

Республика бойынша көліктердің елді мекендер мен ауыл аймақтар арасындағы қозғалысы шектеледі.

Кез келген қоғамдық және ойын-сауық шаралары мен үйлену тойларын, туған күндерді және басқа да мерекелерді ұйымдастыруға тыйым салынады. 65 жастан асқан қарт адамдардың қоғамдық орындарда жүруіне болмайды.

Серуендеу алаңдары, базарлар мен дүкендер, спорт залдар, тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылып, жағажайлар жабылады.

Шет елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық рейстер де азаяды.

“Мұндай шаралар Өзбекстанда коронавирустың тез таралуы мен өлім-жітімнің өсуіне байланысты қабылданып отыр”, – деп мәлімдеді арнайы комиссияның баспасөз қызметі.

Worldometers сайтының хабарлауынша, Өзбекстанда эпидемия басталғаннан бері 11 мыңнан астам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. 7000-нан астам науқас жазылып, 45 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз