Ақордада президент Тоқаевтың осы жылы жасаған жұмысы қорытындыланды

0
170
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

24 желтоқсан күні Ақордада Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли журналистерге брифинг өткізіп Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылы жасаған жұмыстарына тоқталды. 

Президент 20 наурыздан бері 45 заңға, 226 жарлыққа, 68 өкімге қол қойған. 

Тоқаевтың виртуалды қабылдауына 1 тамыздан бері 15 669 өтініш түскен. Баспасөз хатшысының айтуынша, барлық өтінішке тиісті жауап берілген.

Сондай-ақ, Берік Уәли президенттің әлеуметтік желідегі парақшаларына да тоқталып өтті. 

Жиын соңында президенттің жұмысы мен мемлекеттік саясатты насихаттаған журналистер “Алғыс хатпен” марапатталды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз