АҚШ сауда министрі ресми сапармен Астанаға келмек

0
104

24-25 қазан аралығында Америка Құрама Штаттарының сауда министрі Уилбер Рост Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Айбек Смадияров:  Мемлекет басшысының 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жасаған ресми сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес 24-25 қазан аралығында Америка Құрама Штаттарының сауда министрі Уилбер Росттың Қазақстанға сапары болады.

Сапар шеңберінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перпективаларын талқылау жоспарлануда.

Сапар барысында министрдің мемлекет басшылығы және Үкімет мүшелерімен кездесулері, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында екі елдің іскер топтар өкілдерінің қатысуымен қазақстандық америкалық бизнес форумдары ұйымдастырылады.

Бұл АҚШ сауда министрі Уилбер Росттың Қазақстанға екіжақты қатынас тарихындағы алғашқы сапары болмақ. Бұл сапар ел арасындағы стратегиялық әріптестікті және сауда экономикалық байланысты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз