Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы әкімі қызметінен босатылды

0
391

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды.

Жаңа әкімді Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев таныстырды. Бұл қызметте ол Ғабидолла Әбдірахымовты алмастырды. Бұған дейін Ерлан Айтаханов Түркістан облысы, Отырар ауданы әкімінің қызметін атқарған. Шымкенттің жаңа әкімін қала активіне таныстырған Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев алдағы уақытта Шымкент қаласының жаңа әкімі Ерлан Айтахановтың жұмысына сәттілік тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз