“Aiqyn” газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

0
375
"Aiqyn" газетінің жаңа бас редакторы Нұрмұхаммед Байғара. Сурет facebook желісінен алынды.

“Egemen Qazaqstan” газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Нұрмұхамед Байғара “Аiqyn” газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Саясаттану”, “Болашақ” бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін “Жобаларды басқару”мамандықтары бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ол “Qazaqstan” Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген. Кейін республикалық “Egemen Qazaqstan” газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды.

Еске салайық, Тоқаевтың жарлығымен “Aiqyn” газетін басқарған Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. “Aiqyn” республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрген. Газеттің негізгі тақырыбы – саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер. 2005 жылы газет Президент сыйлығын, 2006 жылы – “Алтын жұлдыз” сыйлығын жеңіп алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз