Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

0
213
Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбдірахманов.

Қазақстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспсөз қызметі хабарлады.

“Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне”, –  делінген Ақорданың хабарламасында.

Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылған.

Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1987-1991 жылдары Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі. 1991-93 – ҚМУ аспиранты. 1993-97 жылдардың өзінде Қазақстан СІМ екінші, үшінші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз