Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
100
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бақытжан Сағынтаев осыған дейін төмендегі аталған қызметтерде қызмет жасады:

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
  • 1985 жылдан – Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
  • 1988 жылдан – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
  • 1992 жылдан – коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
  • 1998 жылдан – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
  • 1999 жылдан – ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2000 жылдан – «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
  • 2001 жылдан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2004 жылдан – ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
  • 2007 жылдан – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
  • 2008 жылдан бері – Павлодар облысының әкімі.
  • 20 қаңтар — 24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2012 Қыркүйек — 2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
  • 2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
  • 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
  • 2016 жылдың 10 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
  • 2019 жылдың 21 ақпанда Қазақстан Президенті Сағынтаева отставкаға кетуге үкімет жолдады

«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз