«Астана процесі өз жұмысын толық ақтайды»

0
57
Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

Сирия дағдарысына байланысты өткізіліп келген және алдағы уақытта 12 кезеңі республикада өткізіледі деп жоспарланып отырған Астана процесі өз міндетін толықтай ақтап келді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

“Өздеріңіз білетіндей өткен аптада Сирия дағдарысы бойынша Астана процесінің 11 раунды өтті. Біз Астана процесі өз міндетін толығымен ақтайды деп сенеміз. Біріншіден Астана плотформасында құрылған Сириядағы деэскалация зоналары келтірген жағдайды тұрақтандыруда өзінің тиімділігін көрсетті. Сириядағы үш аймақ, оның ішінде Шығыс Гута, Солтүстік Хомс сондай-ақ Оңтүстік Сирия бейбіт өмірге толық оралды. Қазіргі таңда Идлибтегі жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Кепілгер елдер бұл бағытта өзара тығыз әрекет етуде. Астаналық процестің қазіргі кезеңінің екінші маңызды бағыттарының бірі соғыстағы тараптар арасындағы сенімді нығайту шараларын және тұтқындарды алмасу процесін кеңейту болып табылады. Осы ретте Астанадағы келіссөздер арасында тұтқындармен алмасу және іс-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмыс тобының алтыншы отырысы барысында жаңа келісімге қол жеткізудің түрлі нұсқалары қаралды. Екіншіден, бұл босқындардың және елге қайта қоныс аударатын адамдардың Сириядағы тұрақты тұратын жерлеріне қауіпсіз және ерікті түрде қайтарылуына мүмкіндік жасау”, деп мәлімдеді СІМ өкілі.

Бастапқыда Астана процесінің міндеті әскери әрекеттердің  дер кезінде тоқтатылуын қамтамасыз ету болды. Бұл жұмыс қазіргі уақытта аяқталуға жақын.  Сирия мәселесін реттеудің саяси аспектілерін, соның ішінде конституциялық комиссияның құрылуы бойынша талқылау БҰҰ аясында өткізілетін Женевадағы келіссөздердің жалғасы болып табылады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз