Қасым-Жомарт Тоқаев: “барлық кінәлі азаматтар өз жазасын алуы керек”

0
80

Президент қорғаныс министрлігінің жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді. 

Нұр- Сұлтан, 15 шілде- Kazaknews. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады.

“Барлық кінәлі азаматтар жауапқа тартылуы қажет. Арсеналға жақын жер берген мемлекеттік қызметкерлер де жауапқа тартылуы шарт”, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бұл мәселені жеке бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

“Жұмыс атқарылып жатыр. Бірақ дәл қазір біз жүйелі кемшіліктердің салдарымен күресіп жатырмыз. Әскери ведомство тарапынан бақылау да төмендеді. Сіз – қорғаныс министрлігінде жаңа адамсыз. Дегенмен, осы салаға толығымен жауап бересіз. Мен жоғарғы бас қолбасшы ретінде қорғаныс министрлігіндегі жағдайға қанағаттанбаймын. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын”, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде арнайы тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесіне кінәлі азаматтарды жазалау туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

“Олардың ішінде өз жұмысына жауапсыз қарап, әскери арсеналға жақын жерде тұрғын үй салуға рұқсат берген мемлекеттік қызметкерлер де жазалануы шарт. Бұл жұмысты 10 тамызға дейін шұғыл жасау қажет. Барлық кінәлі азамат өз жазасын алуы керек”, – деді Тоқаев.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз