Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде аккаунт ашты

0
141
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп пайдаланылатын əлеуметтік желінің бірі Instagram-нан ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.  

“Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым” – деп жазады Мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

 

View this post on Instagram

 

Құрметті Отандастар! Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым. ………….. Уважаемые соотечественники! Недавно я призвал акимов регионов оперативно реагировать на запросы граждан и активно работать в социальных сетях для налаживания обратной связи с населением. Как вы знаете, уже несколько лет активно использую сеть Twitter и делюсь своим мнением о важных для нашей страны событиях. Решил продолжить эту практику в популярной сети Instagram.

A post shared by QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online) on

“Еске салайық, соңғы уақытта Instagram желісінде Президенттің атынан ашылған парақшалар көбейіп кетті, бірақ олардың ешқайсысы да ресми емес. Бұдан былай ресми парақша біреу, оның мекен-жайы @tokayev_online“, – деп толықтырды Берік Уәли.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз