“Қазақстан басшысының Хорватияға ресми сапарын ұйымдастырамыз”

0
320
Хорватияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабанович Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырып тұр.

ақпан күні Ақордада Вьетнам, Хорватия, Жапония, Чехия, Тәжікстан мемлекеттерінің елшілері президент Назарбаевқа сенім грамотасын табыстады. Бұл туралы KAZAKNEWS.KZ тілшісі хабарлады.

Мемлекет басшысына Вьетнам Социалистік Республикасының Елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань, Хорватия Республикасының Елшісі Рефик Шабанович, Жапония Елшісі Тацухико Касаи, Чех Республикасының Елшісі Рудольф Гикл, Тәжікстан Республикасының Елшісі Хайрулло Ибодзода сенім грамотасын табыстады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазақстандағы дипломатиялық қызметтеріңіздің басталуымен шын жүректен  құттықтаймын. Қызметтеріңіз Қазақстандағы маңызды реформалардың жүзеге асырылу кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. 2050 жылға дейінгі бағдарламаны орындау үшін жаппай жұмыс істеп жатырмыз. Біз Тәуелсіз ел болдық. Ендігі мақсатымыз  – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу”,  – деді Елшілерге сөз арнаған Қазақстан Президенті.

“Қазақстан басшысының Хорватияға ресми сапарын ұйымдастырамыз”

“Астанадағы Хорватияның бірінші елшісі екеніме қуанамын. Хорватия мен Қазақстанның арасындағы байланыс жыл санап нығайып жатыр. Осы жылға басты екі мақсат қойып отырмыз. Қазақстан президентінің Хорватияға сапарын ұйымдастыру. Ал, жыл соңында үкіметатаралық комиссия құруға тырысамыз”, – деді Хорватияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабанович.

Елшілер.
Жапония Елшісі Тацухико Касаи.
Вьетнам Социалистік Республикасының Елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань (ханым).
Чех Республикасының Елшісі Рудольф Гикл.
Тәжікстан Республикасының Елшісі Хайрулло Ибодзода.
Abdimanap KENES

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз