Қазақстан мен Өзбекстан СІМ арасында консультациялар өтеді

0
119
Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі

25-26 ақпанда Астанада Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Бұл іс-шарада Қазақстан тарапын – Министрдің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ал Өзбекстан тарапын – Министрдің бірінші орынбасары Илхомжон Неъматов басқарады.

Ресми өкілдің айтуынша тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, халықаралық және аймақтық құрылымдардағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ү.ж. сәуір айында Ташкент қаласында жоспарланып отырған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне дайындық мәселелерін талқылайды. Кезекті консультациялар Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың жаңа перспективті бағыттарын анықтауға өз үлесін қосады.

Өзбекстан Қазақстан үшін бауырлас ел, аймақтағы басты саяси және экономикалық серіктес болып табылады. Елдеріміз арасында өзара құрмет пен тату көршілікке негізделген сенімді қарым-қатынастар қалыптасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз