Қазақстан СІМ Таулы Қарабақ келісімі жөнінде мәлімдеме жасады

0
26
ҚР СІМ

Қазақстан cыртқы істер министрлігі Әзербайжан мен Армения арасындағы соғыстың тоқтауы және бітімгерлік келісімдері жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік тарапынан жасалған мәлімдемеде келісімнің БҰҰ талаптарына сәйкес келетінін және бұл Таулы Қарабақ мәселесін шешуге негіз болатынын айтып қолдау білдірді. Бұдан бөлек Ресейдің соғысты тоқтатудағы рөлін ерекше атап өтті.

“Әзербайжан президентінің, Армения премьер-министрінің және Ресей президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз.” – дейді министрлік мәлімдемесінде. 

Қазақстан осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз