Қазақстан-Словакия бизнес форумы өтіп жатыр

0
121

Өзара тиімді серіктестікті нығайту мақсатында бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Словакия Республикасының Премьер-Министрі Петер Пеллегриннің және Қазақстан-Словакия бизнес қауымдастығының ға жуық өкілінің қатысуымен Қазақстан-Словакия «Іскерлік кеңес» бизнес форумы өтуде.

Форум аясында инвестиция тарту, көлік-транзит IT-технологиялар және инновациялар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен салалары бойынша екі елдер арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыға салынуда.

Словакия Республикасы Қазақстанның Орталық Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Қазақстан мен Словакия арасындағы сыртқы сауда айналым 2018 жылдың 8 айында 13,9 %-ға өсіп, 33,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі таңда Қазақстанда словакиялық капиталдың қатысуымен түрлі салаларда 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Өткен жылы Қазақстан мен Словакия арасындагы сыртқы сауда айналым 53 миллион АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралыгында Қазақстан мен Словакия арасындагы сыртқы сауда айналымы 33,5 млн. АҚШ долларына тең.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз