Қазақстанда денсаулық сақтау министрі ауысты

0
141
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Photo: vlast.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ал Елжан Біртанов бұл қызметтен босатылды.

Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті Цойдың министр болып тағайындалғанын мақұлдады.

Елде денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясы күшейген тұста ауысты. Осыған дейін Біртановтың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Цой денсаулық сақтау министрі міндетін атқарған.

Экс-министр Біртанов Facebook парақшасына “дерттен емделуі керегін” айтып, Тоқаевқа өзі қызметтен босату туралы арыз бергенін жазды.

Біртанов елде мамырдың соңында коронавирус жұқтырғандар бес мыңнан асады деген. Бірақ елде маусымның басында вирус жұқтырғандар күрт өсіп, қазір 32 мыңға жуықтады. Коронавирустан 134 адам қайтыс болды.

Қазір елдегі ауруханаларда орын тапшы. Анализ тапсыра алмай жүрген жұрттың қарасы да көп. Биліктің мәліметінше, Алматы мен Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруханалардың 90 пайызы толған. Министрлік вирус өршіген тұста жоспарланған операцияларды, басқа дертке шалдыққандарды ауруханаға жатқызуды кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз