Қазақстаннан әділ әрі ашық сайлау күтеміз – АҚШ елшісі

0
87
Уильям Мозер/дереккөзден

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ аясындағы міндеттерін ұстанып, әділетті президент сайлауын өткізеді деген сенімде. Бұл туралы Мозер Атырауға жасаған сапары барысында “Ақ Жайық” газетіне берген сұхбатында айтты.

“Қазақстандағы биліктің алмасу процесіне көңіліміз толды. Бұл елдегі тұрақтылықты көрсеткен ақылға қонымды процесс болды. Дегенмен сайлау үрдісінде Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-дағы міндеттерін қадір тұтады деп күтеміз, демек ашық әрі әділетті сайлау боларына сенеміз”,- деді АҚШ елшісі.

Уильям Мозер сайлау аясындағы шешім тек Қазақстан халқына тиесілі екенін, дегенмен жақсы әрі ашық сайлау үрдісіне сенім білдірді.

Қазақстанның жаңа президентімен диалог құруда АҚШ үшін ұстанымға сай құндылық елшінің сөзінше – демократиялық құндылықтарға құрмет.

“Сондай-ақ біз Қазақстанмен экономикалық байланыстарымызды нығайтқымыз келеді. Бізде ортақ маңызды бағдарламар бар. Мәселен, Федералды Тергеу Бюросы ҚР бас прокурорына көмек қолын созады, қылмыскерлерді бірлесе іздеуді жүзеге асырамыз. Бұл біз үшін де, сіздер үшін де тиімді. Басқа мысал – шекарашылармен орнатқан әріптестік. Себебі Қазақстан үшін қауіпсіз шекара, біз үшін де жақсы “, – деп атап өтті АҚШ елшісі.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз