Қазақстанның 20 елмен өзара визасыз режимі орнатылған

0
139

Бүгінгі таңда Қазақстанның 20 мемлекетпен өзара визасыз режимі орнатылған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Үкімет үйінде өткен баспасөз отырысында мәлімдеді.

Қайрат Әбдірахмаонв: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Еуроодақ елдері, сондай-ақ, Малайзия, Монакко, әмірліктер және Сингапур үшін визасыз режим енгізілді. 20 мемлекетпен өзара визасыз режим бар.

Сондай-ақ, министрдің айтуы бойынша 2018 жылы бірқатар мемлекеттер үшін электронды визалар жөнінде пилоттық жоба енгізу жоспарлануда.

“Министрлік мүдделі органдармен бірлесіп Астана халықаралық қаржы орталығы және Астана хабб халықаралық технопаркінің шет елдік қызметкерлері үшінвизалық режимді жетілдіру бойынша жұмыс жүргызуде”, деді СІМ басшысы.

Бүгін Үкімет отырысының кезекті отырысында инвестициялар тарту мәселелері, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, көлік пен логистиканы цифрландыру мәселелері талыға салынуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз