Башар Асад АҚШ-ты лаңкестерге қолдау көрсетті деп айыптады

0
36
дереккөзден

Сирия президенті Башар Асад жексенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Америка Құрама Штаттары басқаратын халықаралық коалация «Джебхат Ан-Нусра»,* «ИШИМ» және басқа да лаңкестік ұйымдарға қолдау көрсетті деп айыптады. Бұл туралы РИА Новоти хабарлайды. 

Башар Асад: «Батыс коалациясы Ислам мемлекеті үшін әуекүштері болып табылады. Бұл коалиция «Джебхат ан-Нусра» және басқа да ұқсас террорлық топтарды қолдайды».

Сондай-ақ, Сирия президенті Батыстың «қоқаң-лоққысы» туралы мәлімдеді. Оның айтуынша батыс елдері Сирия әскерлеріне қарсы әуе шабуылдарында химиялық қаруды пайдаланатындығын ескерткен.

Башар Асад сонымен қоса, Сирия астанасы маңындағы қалаларды террористерден тазарту керектігін келетінін алға тартып, Сирия әскері Шығыс Ғұтададағы лаңкестерге қарсы оперцияны гуманитарлық үзіліс бере отырып қайта жалғастатынын айтты.

Шығыс Ғұтадағы ахуал

Қазіргі уақытта Шығыс Ғұтадағы гуманитарлық жағдай өткір. БҰҰ-ның Сириядағы аймақты өкілі Панос Мумцистің хабарлауынша Сирия әскерімен қоршауға алынған Шығыс Ғұтада 18 ақпаннан бастап шабуыл салдарынан 2000-ға жуық тұрғын жарақаттанып, 600-ден астамы қаза тапты.

27 ақпаннан бері Дамаск маңында гуманитарлық үзіліс жарияланды. Бұл Шешім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы атысты тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Владимир Путиннің нұсқауы бойынша қабылданды. Гуманитарлық үзіліс күн сайын 9:00 ден 14:00-ге дейін жалғасуы тиіс. Дегенмен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жексенбіде Шығыс Ғұтадағы гуманитарлық үзіліс алтыншы рет сақталмаған. Атыс-шабыстың салдарынан қаладан тағы да бірде-бір адам шыға алмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз