Білім беруге озық технологияларды енгізу маңызды – Тоқаев

0
119
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 13 мамырда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында мемлекет басшысы Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

“Колледж оқытушыларымен бірге білім беру ісінің өзекті үрдістерін талқыладық. Бүгінде жастарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, білім беру ісіне озық технологияларды енгізу маңызды. Бұл ұлттық экономиканы жаңғыртудың шешуші факторларының бірі”, – деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.

Ақорда ақпарына сәйкес, мемлекет басшысына STEM білім беру бағдарламасы таныстырылды. STEM академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамасы – нақты өмір үлгісінде оқытатын интеграцияланған оқыту әдісі.

Қазіргі кезде сапалы білім беру және қажетті мамандықтар бойынша оқыту аса маңызды. Колледждерде білім берудің жаңа мазмұнын енгізу жұмыстарын алғашқылардың бірі болып сіздердің өңірлеріңіздің бастағаны қуантты, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысына өңірде цифрландыру бағдарламасы аясында қолға алынған «Ашық әкімдік», «SmartUralsk», «IkomekUralsk» жобалары таныстырылды.

Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев колледж студенттерімен әңгімелесіп, білім саласын қолдау ісі жалғаса беретінін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз