Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

0
37

Болат Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

“2010 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының мәдениет басқармасына басшы болып келгелі Болат Бауыржанұлы мәдениеттің шын жанашыры екенін дәлелдеп, келелі істердің басы-қасында жүрді, талай игі бастамалардың іске асуына мұрындық болды”, – делінген “Жастар” театрының Facebook желісіндегі парақшасында.  Бұл мәліметті, елордалық әкімдік баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева да растады.  Мажағұловтың Facebook желісіндегі парақшасында әлеуметтік желі қолданушылары шенеунікті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз