Данияр Ақышев Тұңғыш Президенттің көмекшісі болды

0
112
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Данияр Ақышев.

Данияр Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

“Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын”, – делінген Елбасының шешімінде.

Данияр Ақышев 1976 жылы дүниеге келген. Ол Алматы қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, мамандығы – экономист. Әр жылдары Орталық Азия қор биржасының жетекші экономисі болып жұмыс істеді. Республика ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ұлттық Банктің зерттеу және статистика департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Содан кейін Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды.

2015 жылғы 24 тамыздан бастап ел Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқарды. Ұлттық банк төрағасы қызметінде 2015 жылы 2 қарашадан бастап жұмыс істеді. Оған дейін бұл қызметті Қайрат Келімбетов атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз