Ел президентіне қойылар басты талаптар қандай

0
86
дереккөзден

19 сәуір күні ҚР ОСК президенттікке үміткерлер үшін бірнеше мәселені қарастырды.

Ел президенттігіне үміткерлер мемлекеттік тілді жетік меңгеруі қажет. Сонымен қатар, салық декларациясы мен мемлекеттік медициналық куәландыру өткізуі тиіс.

Мемлекеттік тілді еркін меңгеруін (ҚР Конституциясының 41 бабының талабы) ҚР ОСК- ның комиссияның қаулысымен құрылған құрамында тіл мамандары бар кем дегенде 5 адамнан тұратын лингвистикалық комиссияның қорытындысы анықтайды.

ҚР президенттігіне үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін:

1) Лингвистикалық комиссияның шешіміне сәйкес тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу;

2) Көлемі үш баспа беттен аспайтын мәтінді оқу;

3) Ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында он бес минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі.

Президентікке кандидаттың және оның зайыбының кірістері мен мүлкі туралы декларациялары 2019 жылы 11 мамырға дейін өткізілуі тиіс. Өткізілмеген жағдайда тіркеуден өтпейді. Сонымен қатар денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды ОСК-на міндетті түрде тапсырылуы қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз