Елбасы Ислам Кәрімов жерленген кешенге барды

0
95

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында бауырлас Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды.

Самарқандта Елбасы өзбек әріптесі Шавкат Мирзиёевпен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалай отырып, алдағы уақытта одан әрі дамытудың жаңа бағыттарын талқыға салды.

Елбасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда және мәдени-гуманитарлық, сонымен қоса, басқа да маңызды салалалрдың өзара ынтымақтастықтың өзектілігіне, дәлірек айтқанда екі ел арасындағы сауда айналымының ұлғайғаны, бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқандығы тілге тиек етілді.

Президент халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын атап өтті.

Бұдан өзге, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен бірге «Хазірет Қызыр» мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен бірге Самарқанд қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз