Елбасының қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті

0
152

1 қыркүйек Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен VI шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ашылды.

Жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаған мемлекет басшысы мәлімдеме жасады.

“Сіздер жазда өңірлерді аралап, елдің тыныс-тіршілігімен жете таныстыңыздар.Халықты не толғандыратынын, қандай мәселелер бар екенін көзбен көріп, біліп келдіңіздер. Ол барша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы қызметтеріңізге қажет. Кезек күттірмей қолға алынуға тиіс маңызды жұмыстар жеткілікті. Қос палатаның бірлескен отырысында басымдықтарды айқындап, бірден іске кірісуіміз керек”, – деді мемлекет басшысы.

“Стратегиялық нысана белгілі. 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылу – біздің айнымас межеміз. Осы жолда дәйекті саясат пен кешенді шаралар жүргізіп, мақсатты түрде алға басып келеміз. Мен Бес әлеуметтік бастамаларымды жария еттім. Парламент пен Үкімет бірлесіп жұмыс істеп, оны жүзеге асыруға қажетті барлық заңнамалық алғышарттарды жасады”, – деген президент бірқатар жүзеге асырылған жұмыстар турасын баяндады.

“Жаңа жылдан бастап жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есе азаяды “

«7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша алғашқы несиелер беріле бастады. Қосымша 20 мың білім гранты бөлінді. 70 мың орындық жатақхана құрылысына дайындық аяқталды. Жаңа жылдан бастап жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есе азаяды. Жеке іс бастауға берілетін шағын несиелер көлемі 62 миллиард теңгеге көбейді. «Сарыарқа» газ құбырының құрылысына дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Осылайша, мен жариялаған әлеуметтік жаңғыруды іске асырудың негізі қаланды”, – деп атап өтті Н. Назарбаев.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз